Фурқан сүресі - сура №25 Аль-Фуркан Различение

Коран Фурқан сүресі - сура №25 Аль-Фуркан Различение - 2012.09.25 Мария Дар различения и построение меркабы Световой ребенок Ченнелинг Анны Хейфец

Скачать песню в mp3
Коран - Фурқан сүресі - сура №25 Аль-Фуркан (Различение)

Дата: 2017-01-08
Длина: 18:22
Рейтинг: 0
Просмотрено: 1424

Полный список музыки Коран
1424

Текст оды целиком и бесплатно:

Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары. (1)
Көктер мен жердің патшалығы Онікі. Ол, ешкімді бала қылып алмады да Оның патшалығында ешбір ортағы жоқ. Сондай-ақ әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі. (2)
(Сонда да) олар Алладан өзге, бір нәрсені жарата алмайтын, өздері жаратылатын, сондай-ақ өздеріне де пайда, зиян келтіру күшіне және өлтіру, тірілту тағы өлгенді қайта тірілту күшіне ие болмағандарды тәңір жасап алды. (3)
Сондай кәпірлер Бұл Құран мүлде жасанды. Оны өзі шығарды, оған басқа ел де көмектесті деп, олар орынсыз жала жапсырды. (4)
Және олар Ол Құран бұрынғылардың аңызы. Оны, бұл жаздырып алады да, ертелі-кеш өзіне оқылады деді. (5)
(Мұхаммед Ғ.С.) Құранды көктер мен жердің сырын білетін Алла түсірді. Рас Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді де. (6)
Тағы олар Бұл қалай Пайғамбар? Тамақ жейді, базарларда жүреді. Неге оған, онымен бірге жүріп, қорқытатын періште түсірмейді?,-десті. (7)
Немесе оған (шаңырақтан) бір қазына тасталса не оның бір қоректенетін бақшасы болса еді. Сөйтіп залымдар Сендер мүлде жадыланған кісіге ересіңдер деді. (8)
(Мұхаммед Ғ.С.) Қара Сен үшін қалай мысалдар берді. Енді олар жол таба алмайтын түрде адасты. (9)
Сондай молшылық иесі Алла қаласа, бұлардан да жақсы, астарынан өзендер ағатын бақшалар бере алады. Тағы сен үшін сарайлар жасай алады. (10)
Бірақ олар қияметті жасынға шығарады. Қияметті жасынға шығарғандар үшін қайнаған тозақты әзірледік. (11)
Тозақ, оларды ұзақ бір жерден көрген сәтте, олар оның қайнап, күркірегенін естиді. (12)
Олар, тозақтың тар бір жеріне қолдары, мойындарына байлаулы тасталғанда, сол жерде жоқ болуды қалайды. (13)
Бүгін бір-ақ жоқ болуды тілемеңдер Көптеген жоқ болуды тілеңдер (делінеді). (14)
(Мұхаммед Ғ.С.) Осы азап жақсы ма? Немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жаннат жақсы ма?,- де. (15)
Олар мәңгі қалатын жаннаттта, не тілесе бар. Бұл, Раббың міндетті түрде орындайтын бір уәде. (16)
Ол сол күні, оларды және Алладан өзге табынғандарын жинайды. Сонда олардан Осы құлдарымды сендер адастырдыңдар ма? Немесе жолдан өздері адасты ма?,- деп сұрайды. (17)
(Ол табынылғандар) Сен пәксің. Бізге Сенен өзгені ие қылуымыз лайық емес. Бірақ Сен, оларды да аталарын да қамтамасыз еттің. Тіпті Сені еске алуды ұмытты да жоғалуға лайық бір ел болды деді. (18)
(Табынғандарың) рас айтқандарыңды жасынға айналдырады. Сонда оны қайтара алмайсыңдар да бір көмек те таба алмайсыңдар. Сендерден кім зұлымдық қылса, ірі азап таттырамыз. (19)
(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін ғана пайғамбарларды жіберген едік. Негізінде біріңді-біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені көруші. (20)
Сондай бізге кездесуді күтпегенд

2012.09.25 Мария Дар различения и построение меркабы

Другие классные песни

  • Сура 109 Кяфирун Неверные
  • Шейх Мишари бин Рашид аль-Афаси Сура 108. Аль-Кяусар Изобилие
  • Сиратулло Раупов Сура Весть Ан-Наба
  • Шейх Мишари бин Рашид аль-Афаси Сура 93. Ад-Духа Утро
  • الله أكبر Священный Коран Сура 107 الماعون - Сура Аль-Маун Милостыня, 7 Аятов, 1 Руку, Мекканская
  • Коран Рад сүресі - сура №13 Ар-Раад Гром
  • الله أكبر Священный Коран Сура 101 القارعة - Сура Аль-Кариа Великое бедствие, 11 Аятов, 1 Руку, Мекканская
  • Шейх Мишари бин Рашид аль-Афаси Сура 113. "Аль-Фаляк" Рассвет
  • Сиратулло Раупов Сура 45 Аль-Джасийа Коленопреклоненные
  • Mishary Alafasi Сура 108 - Al-Kauthar
  • الله أكبر Священный Коран القدر - Сура Аль-Кадр Предопределение
  • Идрис Абкар Сура Ар рахман

Все комментарии на сайте (0)

Добавить сообщение

Проверка на ботов: