"Махаббат, қызық мол жылдар" үзінді - Әзілхан Нұршайықов

Арман Құдайберген "Махаббат, қызық мол жылдар" үзінді - Әзілхан Нұршайықов - Павлодарда тоғызқұмалақтан турнир өтуде Павлодарда тоғызқұмалақтан турнир өтуде

Скачать песню в mp3
Арман Құдайберген -

Дата: 2016-12-27
Длина: 05:09
Рейтинг: 0
Просмотрено: 3407

Полный список музыки Арман Құдайберген
3407

Текст оды целиком и бесплатно:

Әзілхан Нұршайықов Махаббат қызық мол жылдар (үзінді)

Көнілді бес жүзінші поезд деп аталатын әскерден қайтқан солдаттар тиелген қызыл вагонды ұзын составтын Қазақстанның шеткі, шағын станцияларының біріне келіп тоқтағаны көз алдыма елестеді. Тәкен деген жолдасым вагонган қарғып түсті де, поезға сүт, айран, жұмыртқа алып шыққан әйелдердің қасына барды одыраңдап. - Апалар, амансындар ма, бәріңізге мың сәлем - деді ол бас иіп. - Айран бар ма? - Бар, шырағым, бар, - десті әйелдер. Жолдасым бір банка айранды басына бірақ кетерді. Содан соң түбінде қалған жұғынын жинап алып, бетіне жақты. Кап-қара жігіттің беті алабажақ боп шыға келді. - Мұның не, шырағым, - деді айран иесі қартаң әйел танданып. - Мұным - қуанғаным, апа. Сұрапыл соғыстан аман келіп, туған жерге табаным тиіп, сіздей апамның қолынан айран ішкеніме қуанғаным. Туған елдің дәмін татқаныма қуанғаным, айранның қалғанын бетіме жаққаным - балалық күнім есіме түсіп, еркелегенім, апа. Сізге еркелегенім, Қазақстанға, халқыма еркелегенім. Әшейінде сөзге олақ, кеудесі орден мен медальға толы, аңқылдақ, батыр жолдасымның сол бір сөзі керемет шешендік болып шықты. - Алда, бақыр-ай, елді сағынған екен ғой, - деп сол жерде әйелдердің бәрі тегіс жылап жіберді. - Қай жердікісің? - Шешең бар ма еді? - деп әркімдер сұрап та жатыр. - Талдықорған облысыныкімін. Өзіңіздей келген шүйкедей ғана қара домалақ шешем бар еді. Соған асығып келемін, - деді Тәкен кемпірлердің біріне қарап. - Алда, бақыр-ай. - Шешеңнің жүрегі жарылып-ақ кетер-ау сені көргенде. - Осылай деп әйелдер қолдарындағы бар жұмыртқа, бар сүт, айранын Төкенге ұсынды. - Туған жердің дәмін таттым, маған сол да болады, - деді Тәкен әйелдердің ұсынғанын алмай. Жұрт оған қарамады. - Жолдастарыңа бер. - Соларға дәм татыр. Төкен бет-аузы айғыз-айғыз болып, әйелдерді вагонға бастап келді. - Алындар, жігіттер Туған ел ырзығы Алындар.. -Ішіңдер. - Дәм татындар, - деп жатыр әйелдер. Әйелдер әкелген тамақтарын бәрімізге тегін беліп берді. Біреу ақша төлемек болып еді, қартаң ана ренжіп калды - Төрт жыл соғыста аштан өлмеген біз соғыс біткеннен кейін өледі деп пе едіндер? Қойыңдар, қарақтарым, ақшаларынды қозғамандар. Әлде жат жерде жүріп, елдеріңнің қонақжай салтын ұмытып қалып па едіндер? Бұл сөзге жауапты тағы да Тәкең берді. - Жоқ, апа, ұмытқанымыз жоқ, - деді ол. - Онда біз мұны халықтың майданнан жеңіспен келген жігіттерге шашқан шашуы деп қабылдайық. - Е, жөн. - Сөйтіндер, - деп әйелдер разы боп қалды. Осы кезде біздің поезымыз гудок беріп, ілгері қозғалды. Зымырап келе жатқан поездың есігінен етектегі елге қарап отырған менің есіме данышпан Жиренше түсті. Хан қасында көп жүріп, ел аралап, орда, сарайларда ұзақ-ұзак қонақ болып, үйіне қайтқан кедей Жиреншенің сирағы жаман лашығына сыймай, сыртқа шығып жатса керек. Хан ордасындағыдай мамық төсекте емес, лашық ішіне төселген өлең шөптің үстінде рақаттана керіліп жатып, шешен Шіркін, менің өз үйім, кең сарайдай бөз үйім деген екен дейді. Мен жолдасымның бетіне қарадым. - Тәкең, үйіңе жетуге асығып келесің бе? - дедім. - Е, үйіне жетуге кім асықпаушы еді, - деді ол. Мен ауылға баруға асықпайтынымды, Алматыда қалып, оқуға түсетінімді айттым. - Сенің оқуыңа болады. Ал менің басыма ешбір оқу қонбайды, - деп ол өз басын жұдырығымен тоқылдатып қойды. - Мен барамын да елдегі бір жақсы қызға құлындай шыңғыртып құрық саламын. Маған одан басқа оқудың керегі жоқ. Мен күлдім. - Күлме, - деді ол. - Оқуда да жақсы қыздар көп болады. Аузыңды ашып, босқа қарап жүрмей, сен де солардың бір тәуірін нысанаңа ал. Сөйтіп, мен кеше ғана эшелоннан түстім, қыздар. Бүгін міне сендердің орталарыңа келдім. Мен сендердің ағаңмын, досыңмын, қыздар. Мен сендердің бәріңді де жақсы көремін..

Оқыған Арман Құдайберген

Павлодарда тоғызқұмалақтан турнир өтуде

Другие классные песни

  • Армен Дарбинян Ов сирун, сирун красивейшая армянская песня о любви
  • Армянская народная песня Ов сирун, сирун ф "Гнездо жаворонка"
  • Вахтанг Кикабидзе Ов сирун сирун
  • Шәмші Қалдаяқов Кайрат Тунтеков Бақыт құшағында
  • Шәмші Қалдаяқов Арыс жағасында
  • Люда Барракуда Гимн Forever Alon'ов
  • Шәмші Қалдаяқов Ана туралы жыр
  • Пресняков & Sirusho Ов сирун-сирун "Ой, красавица"
  • О,мое сердце Ов сирун сирун самая красивая армянская песня о любви
  • Guf ft. Иезекиль 2517 & ОВ Тринити rmx
  • Шәмші Қалдаяқов Маяқұм Арыс жағасында Жігіттер тобы
  • Мақсат Базарбаев-Шәмші Қалдаяқов Дүнген қызы

Все комментарии на сайте (0)

Добавить сообщение

Проверка на ботов: